Адам өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды
1286
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан азаматы ұсталды. Ол еліміздің Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған.
Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген.
Айта кетейік, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...