Адамдар болашақта 1000 жасқа дейін өмір сүретін болады
489
Мәңгілік өмір сүру ғасырлар бойы адамзатты мазалап келген ескі идея. Көптеген ғалымдар мәңгі өмір сүру жолдарын іздеген, енді соның жолын футуролог ғалым ұсынады,-деп хабарлайды politico.kz
Жаратушының адамға берген өмірін ұзарту жолдарын ғалымдар ғасырлар бойы іздеуде. Бірақ бұл ізденістер нәтижесіз. Жақында америкалық футуролог ғалым Раймонд Курцвейл өзінің кітабында жаңа тәсіл туралы жазды.Курцвейлдің ойынша, нанороботтар адамның қартаюын тоқтатып, мыңдаған жылдар бойы өмір сүруге мүмкіндік беретін кілт болуы мүмкін.Әрине, мәңгілік былай тұрсын, бірнеше жүз жыл өмір сүру мүмкіндігі туралы алаңдаушылықтар бар. Дегенмен қартаюға қарсы жаңа терапиялар белгілі ғалымдар үшін ортақ зерттеу бағыты болып қалуда. Кейбір бай адамдар бүгіннің өзінде ағзаның табиғи қартаюын бәсеңдету арқылы өмірін ұзартуға тырысуда. Курцвейл сияқты зерттеушілердің мақсаттары бұдан да жоғарырақ сияқты. Ол нанотехнологияны адам өмірін ұзарту мақсатында қолдану туралы өзінің «The Singularity is Nearer» атты жаңа кітабында да, Wired журналында жарияланған мақаласында да жазды. Екі еңбекте де биотехнологияны жасанды интеллектпен үйлестіру жолдары талқыланады. Осылайша зерттеуші адамның қартаюын мүмкіндігінше азайту арқылы адамның табиғи әлсіздігін болдырмауды ұсынады. Фундаменталды себепке үңілсек, қартаюдың ең үлкен проблемаларының бірі – біздің денеміз бен жасушаларымыз сыртық ортаның әсерімен қателерді жинай бастайды. Жасушалар қайта-қайта бөлінген сайын бұндай қателер жаңа жасушаларда қайталанып көбейе береді. Көптеген қартаюға қарсы терапиялар дәл осы қателерді азайтуға бағытталған, бұл дененің бұрынғы таза қалпына тезірек келуіне көмектеседі. Осылайша жалпы қартаю бәсеңдейді. Курцвейл болса түпкі шешім ретінде – «қартаюдың өзін емдеуді» ұсынуда. Курцвейл оның болжамдары қазіргі уақытта ақылға қонымсыз болып көрінуі мүмкін екенін мойындайды, бірақ ол медициналық нанороботтарды қолданудың жылдам дамуы бізге жақын арада адамның жалпы қартаюымен күресуге көмектеседі деп санайды. Бұл үшін адамның барлық ағзасындағы «ластанған» органдарды жөндеу арқылы олардың жұмысын жақсартып, жасартып отыру керек. Бұндай процедура бірнеше жүз миллиардқа дейін нанороботтарды қажет етуі мүмкін. Жалпы адам ағзасын жасартуға жүздеген миллион наноботтарды қолдану идеясы қызықты болуы мүмкін. Өйткені ЖИ-дің қазіргі даму қарқыны бұндай болжамның шындықтан алыс еместігін, геронтология ғылымында серпіліс тудыруы мүмкін екенін көрсетеді. Тек адамзат Жаратушы белгілеген заңдылықтар шеңберінде ғана нәтижеге қол жеткізе алатынын естен шығармасақ болғаны!
Соңғы жаңалықтар
14.05.2026
17:14
Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғаны рас па? Мед...
14.05.2026
16:18
Алматы облысында жасөспірім тізгіндеген көлік 1...
14.05.2026
15:31
"Менің концертіме халық өзі келеді": Мақпал Жүн...
14.05.2026
14:32
Алкогольдің қоғамға тигізер кері әсері қандай?
14.05.2026
13:49
Оралдағы қайғылы жол апаты: апалы-сіңлілердің ө...
14.05.2026
12:19
Бишімбаевтың інісі Байжанов шағым түсірді: касс...