Әдемі Тұрсынбекқызы анасына деген ыстық ықыласымен көпшілікті елжіретті
1005
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен продюсер Мөлдір Мұқанованың тұңғыш қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Instagram желісінде жариялаған бейнежазбасымен желі қолданушыларының жүрегін жылытты, деп хабарлайды Politico.kz
Кадрларда Әдемі анасын құшақтап, бірге камераға түсіп тұрған сәттер көрініс табады. Артық пафоссыз, қарапайым әрі шынайы эмоцияға толы видео көпшіліктің көңілінен шықты. Жазбаға ол «Мама» деген бір ауыз сөз бен жүрекше белгісін қалдырып, сезімін қысқа да нұсқа жеткізген.
Желі қолданушылары бұл бейнежазбаны жылы қабылдап, аналық мейірім мен бала махаббатын ерекше атап өтті.
Пікірлер арасында:
«Ананың орны қашанда бөлек», «Мамасына қатты ұқсайды, өте көрікті қыз», «Мөлдір ханым, балаларыңызды керемет тәрбиелепсіз» деген лебіздер жиі жазылды.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...