Аида Балаева: Мемлекет отбасы ісіне тек баланың өміріне қатер төнген жағдайда ғана араласады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданған Заңдарына қатысты бейне үндеу жасады.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақашасында заңның маңызды тұстарына тоқтала келе, балаларды отбасынан ажырату туралы бірде-бір норма жоқ екенін баса айтты.
Оның айтуынша, мемлекеттің бұл бағыттағы саясаты — отбасын сақтап қалу, баланың отбасында өсуін қамтамассыз ету.«Осыған қатысты алып-қашпа әңгіменің бәрі жалған», — деді Аида Балаева бейне үндеуінде.
«Мемлекет отбасы ісіне тек баланың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда ғана араласып, бала құқығын қорғайды. Ана мен бала олардың адми құқығы баршамыз үшін ең маңызды басымдық болуы шарт», - деді министр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...