Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді

Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді
Air Astana тобы су тасқыны кезінде ұшақ билетіне арнайы тариф енгізбек.
Әуе компания Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді. «Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек»,- деп хабарлады компаниядан. Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын. Сондай-ақ қазақстандықтар батыстағы үш қалаға алған әуе билетінің ақшасын толық қайтара алатыны жайында жазған едік.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу