Қай өңірлерде судың беті қайтып, қай облыстар тасқын күтіп отыр
518
Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, ведомство қазір тасқын суды жинау және оны өткізу үшін гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр.
— Қостанай облысында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Су қоймаларына су ағынының төмендегені байқалады. Ал, екі ірі су қоймасының орташа толуы — 92%.
Бүгінгі таңда су қоймаларында 489 миллион текше метр су жиналды. Бұл су ауылшаруашылық қажеттілігіне пайдаланылады.
— Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100%-ға толды. Сергеев су қоймасы бойынша су тасқынының белсенді кезеңі әлі өткен жоқ, тұрақты күрделі жағдай сақталады. Қазсушар мамандары ағынды реттеу бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізіп жатыр.
— Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 68%-ға толды. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны күтілуде.
— Шығыс Қазақстан облысында үш ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 84,6%. Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына судың ағыны жанама салалар есебінен артып келеді. Осы аптада су тасқыны күтіліп отыр.
— Ақмола облысының екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 99%, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі жалғасуда, сағат сайын мониторинг жүргізіледі.
— Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасы 98%-ға толы. Аймақта су тасқыны аяқталып, жағдай тұрақталды. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 218 миллион текше метрден астам су жиналды. Алдағы уақытта жиналған су ауылшаруашылық қажеттілігіне пайдаланылады.
— Қарағанды облысының 4 ірі су қоймасы 100% толды, облыста су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 192 миллион текше метрден астам су жиналды. Бұл су ауылшаруашылық қажеттігіне пайдаланылады.
«Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасады, сондай-ақ су айдындарындағы ахуалға сағат сайын мониторинг жүргізілетінін атап өтемін. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Батыс Қазақстан облысында жүр. Министр су қоймаларында тасқын суды қауіпсіз өткізу және еріген қар суын жинау жұмысын қадағалайды», — дейді Мөлдір Әбдуалиева.
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...