Желіде Тоқаевқа ұқсайтын ер адамның видеосы тарады
936
Әлеуметтік желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатты ұқсайтын ер адамның видеосы тарап, ел назарын аударды. Желі қолданушылары ер-азаматтың президентпен өзара ұқсастығына тәнті болған, деп хабарлады politico.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Аталған видео Instagram желісінде пайда болған. Бейнежазбада тойда ортаға билеп шыққан ер адамның асабаны қатты таңғалдырғанын байқауға болады. Той жүргізушісі оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатты ұқсайтынын бірден айтты.
Кейін оның есімі Ерғали екені белгілі болды. Желі қолданушылары да ер адам мен мемлекет басшысының өзара ұқсастығын жарыса жазып жатыр.
«Расымен ұқсайды екен», «Айнымайды ғой», «Туысы шығар», «Мәссаған, қандай ұқсастық?!», «Таңғалып тұрмын. Бір қарағанда сол кісі секілді», «Айнымаған президент», «Не деген ұқсастық десеңші», «Досаевқа да келетін тұстары бар екен», «Қасым-Жомарт Досаев», «Қатты ұқсайды», - деп жазуда көпшілік.
Фото: Instagram/sko_revizor
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...