Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалды
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың басы дауға қалды. Желіде өнер иесінің үстінен іс қозғалды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл деректі Көліктегі полиция департаменті растады,-деп хабарлайды politico.kz
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, қазақстандық эстрада жұлдызы ұшақта бұзақылық жасаған. "Алматы-Астана" әуе рейсінің бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды және материалдар сотқа қарау үшін жіберілді", - деп түсіндірді департаменттегілер. Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы бойынша денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...