Әкесінің қаруымен мектепке шабуыл жасаған жасөспірім туралы сұмдық деректер шықты

16.04.2026 20:43 Қарақат АСЫЛОВА
Әкесінің қаруымен мектепке шабуыл жасаған жасөспірім туралы сұмдық деректер шықты
318
Кахраманмараштағы оқиға елді дүр сілкіндірді

Түркияның Кахраманмараш қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болуда, деп хабарлайды Politico.kz. 

14 жастағы жасөспірім жасаған шабуыл салдарынан 9 адам қаза тапқан. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқушы қарулы шабуылдан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі таңда оның тұлғалық ерекшеліктері мен оқиға себептері жан-жақты зерттеліп жатыр.

Жасөспірімнің мұғалімі оның мінез-құлқы тұйық болғанын айтады. Оның сөзінше, оқушы сабаққа қатысқанымен, белсенділік танытпаған, көбіне партаға басын қойып, ұзақ уақыт бойы бірдеңе шимайлап отыратын болған. Сондай-ақ оның достары аз болып, үзілістерде жалғыз жүретіні байқалған.

Күдіктінің әкесі бұрынғы полицей Угур Мерсинли сотта жауап берді. Оның айтуынша, ұлы интернетті белсенді қолданған және көбіне компьютерлік ойындар ойнаған.

«Мен бөлмесіне кіргенде, ол бәрін жауып тастайтын», – деді әкесі.

Сонымен қатар, әкесінің мәліметінше, оқиғаға қолданылған қарулар өзіне тиесілі болған. Ол заңды түрде тіркелген бірнеше қаруы бар екенін айтып, олардың бөлек, құлыпталған жәшіктерде сақталғанын жеткізді. Алайда жасөспірім олардың қалай ашылатынын білген.

Әкенің айтуынша, ұлы шамамен екі ай бойы психологқа барып жүрген. Мамандар оның әлеуметтік бейімделуінде қиындықтар болуы мүмкін екенін ескерткен. Соңғы уақытта жасөспірім психологқа барудан бас тарта бастаған.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әзірге әлеуметтік желілерде тараған кейбір ақпараттар, соның ішінде ойындарға қатысты болжамдар ресми түрде расталмаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий