Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы тағайындалды
589
Бас Прокурордың бұйрығымен Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жаңа басшы бұған дейін де осы салада жауапты қызмет атқарған. Ол соңғы екі жыл бойы Активтерді қайтару комитетінің төрағасы болды.
Аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі болып бастаған. Тәжірибелі маман әр жылдары Бас прокуратурада түрлі басшылық лауазымдарда еңбек етті. Атап айтқанда, ведомствоның ресми өкілі, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ ол Стратегиялық даму департаменті мен Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметін басқарған. Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Нұрдәулет Сүйіндіков Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...