Актриса Аружан Жазылбекова 39 жасында тұңғышын дүниеге әкелді

17.11.2025 11:11 Айсұлу Мұрат
Актриса Аружан Жазылбекова 39 жасында тұңғышын дүниеге әкелді
0
125
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Аружан Жазылбекова

Танымал актриса Аружан Жазылбекова сүйінші жаңалығын бөлісті. Ол қызды болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Өнер иесі қызды болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғышына арнап жылы жазба жариялап, қызының есімін кім қойғанын жазды.

“Біз сенің қашан жарық дүниеге келетініңді ұзақ уақыт бойы болжай алмадық. Ал сен болсаң, нағыз әкеңнің қызы сияқты, оның бақыт санын таңдадың – 11.11.25. Енді осы күні біздің сүйікті Сарашкамыз дүниеге келді, ал біз – әлемдегі ең бақытты ата-анамыз”, – деп жазды ол.

Ана атанды

Желі қолданушылары актрисаның қуанышына ортақтасып, оны құттықтап жатыр.

“Құттықтаймыз!”, “Жас ата-ананы құттықтаймын, ана мен сәбидің дені сау болсын”, “Қандай әдемі! Ура! Қош келдің, Сара”, “Сіздерді құттықтаймыз”, “Бауы берік болсын”, – деп жазған олар. 

Айта кетейік, Аружан Жазылбекова – танымал қазақстандық актриса. Ол “Рэкетир”, “Алтын Орда”, “Анаға апарар жол” фильмдеріне түскен. Оның сүйіктісі Ержан Алдабергенов актрисаға 2022 жылы үйленуге ұсыныс жасаған. Аружан Жазылбекова отандық киноның жұлдызы болса, Ержан Алдабергенов "Барыс" хоккей клубында бас менеджер қызметін атқарған.

Аружан Жазылбекова 2013-2018 жылдар аралығында продюсер Ахат Ибраевпен некеде болған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий