32 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қуанышты жаңалығын жеткізді

32 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қуанышты жаңалығын жеткізді
Фото: видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Наташа Қалымбетова 30 жылдан астам уақыт бұрын басынан өткен ауыр оқиға бойынша сотқа жаңа дәлелдер ұсыну үшін АҚШ-қа барып, ДНҚ сараптамасын жасатуға кірісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, 17 жасында оны төрт ауылдасы жабылып зорлап кеткен. Сол қайғылы жағдайдан кейін дүниеге келген қызын кейіннен шетелдік отбасы асырап алып, АҚШ-қа алып кеткен болатын. Қазір мұхиттың арғы бетінде тұратын қызы анасына генетикалық сараптамадан бірге өту туралы ұсыныс жасаған.

Наташа Қалымбетова бұл ДНҚ сараптамасының қорытындысы ұзақ жылдан бері сотқа жетпей жүрген іске тың серпін беріп, бұлтартпас айғақ болады деп сенеді. Кезінде орын алған зұлымдықты енді жасырмай, кінәлілерді заң алдында жауапқа тартуға бекінген әйел әлеуметтік желіде өз жанайқайын білдірді.

«Енді аямаймын! Түрмеге шірітемін, хайуандар! Кішкене қалды! 32 жыл қиналдым, енді сендерді қиналтамын!» — деп мәлімдеді ол.

Ол өзіне қиянат жасағандар жазасын алғанша және әділдік толық орнағанша аяғына дейін күресетінін жеткізді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу