«Ал біреуді өлтіріп қойсам ше?»: Алматыда қолында қан іздері бар ер адам жұртты шошытты

25.04.2026 12:35 Қарақат АСЫЛОВА
«Ал біреуді өлтіріп қойсам ше?»: Алматыда қолында қан іздері бар ер адам жұртты шошытты
253
Видеодан кадр
Алматыдағы сұлулық салонына қолында қан іздері бар ер адам кіріп, қызметкерлерді шошытты

Алматы қаласында қолында қан іздері бар және газ кілтін ұстаған ер адам сұлулық салонына кіріп, қызметкерлерді үрейлендірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға туралы салон иесі, елімізге танымал заңгер Анна Чернова өз парақшасында жазды. Оның айтуынша, ер адам салонға кіріп, ресепшенге жақындап, жуынатын жер сұраған. Қызметкерлер оны сыртқа шығуын өтінген кезде, ол:

«Ал біреуді өлтіріп қойсам ше?» деген сөз айтқан.

Қорыққан қызметкер оған дәретханаға жол көрсеткен. Ер адам сол жерде жуынғаннан кейін салоннан шығып кеткен. Кейін қызметкерлер бірден полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ер адамды ұстағанын мәлімдеді. Алғашқы деректер бойынша, оның жанында пышақ болуы мүмкін деген ақпарат та болған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жағдайға байланысты тексеру жүргізілген. Ер адамның жеке басы анықталып, ол Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен ұсталған.

Тергеу барысында оның алкогольдік мас күйде болғаны және денесіндегі жарақаттарды өзіне өзі келтіргені анықталған. Видеода көрінген қан да соған тиесілі екені белгілі болды. Басқа адамдарға қауіп төндірілгені расталмаған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы толық тексеріліп жатыр, нәтижесінде құқықтық баға беріледі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий