Алакөлдегі қайғылы оқиға: Екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты
Жетісу облысындағы Алакөл көлінде екі гидроциклдің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 17 шілде күні кешкі уақытта көл акваториясында болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, апат шамамен сағат 21:00-де, яғни судағы көріну деңгейі төмендеген кезде орын алған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Алакөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.
Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Жетісу облыстық ТЖД шағын көлемді кемелердің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуде. Шомылу маусымы басталғалы бері Алакөлде күн сайын профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып келеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...