Алаяқтарға ақша аударып қойғаннан кейін полицияға жүгінудің мәні бар ма
Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Жақай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде интернет алаяқтықпен күрес туралы мәлімет берді.
«Алаяқтарға ақша аударып қойған болсам, полицияға жүгінудің мәні бар ма?» - деп сұрады интернет қолданушы.
Полиция өкілінің айтуынша, кез келген заңсыздық бойынша полицияға жүгінудің мәні бар.
«Міндетті түрде полицияға жүгіну керек. Ол арыз бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіледі, қылмыстық іс ашылады. Тергеу барысында зардап шегуші мен күдікті арасындағы өзара келісім негізінде келген шығынды өндіріп алуға болады. Ал шығынды өндіріп алу мүмкіндігі болмаса, зардап шегуші азаматтық сотқа жүгінеді. Қалай болғанда да шығын өндіріледі», - деді Жасұлан Жақай.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...