Алматыда полиция басшысының көмекшісі қамауға алынды

26.03.2026 20:19 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда полиция басшысының көмекшісі қамауға алынды
70
Асет Жақсылықов ұсталды

Алматы қаласының Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Politico.kz.  

Қала полициясы басшысының орынбасары Ержан Өзабаевтың көмекшісі қызметінен босатылып, ұсталған. Әңгіме сержант Асет Жақсылықов туралы болып отыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабы 4-бөлігі («Қызметтегі әрекетсіздік») бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оның аты бұған дейін қоғамда қызу талқыланған ZEEKR автокөлігіне қатысты «шашка ойнаған» жүргізушілердің бірімен байланысты болуы мүмкін деген болжам да тексерілуде.

Оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ресми мәлімдеме жасап, істің ерекше бақылауға алынғанын атап өтті. Министр қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, кінәлілер заң алдында толық жауап беретінін жеткізді.

Сонымен қатар, оның тапсырмасымен Алматыға ІІМ-нің бірқатар департаменттерінен арнайы қызметкерлер жіберілген. Қазіргі таңда жан-жақты тексеру жүргізіліп, қосымша заңбұзушылықтар бойынша да қылмыстық істер қозғалған.

Белгілі болғандай, осы іске байланысты бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий