"Әлі күнге дейін кешіре алмаймын": Медеу Арынбаев қызы туралы айтты

14.10.2025 22:42
0
339

Әнші Медеу Арынбаев бүгінге дейін өкінетін, өзін кешіре алмайтын сырымен бөлісті. Ол бұл туралы "Хабар" арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Айтуынша, марқұм сүйікті жарының екінші сәбиге жүкті кезінде болған.

Келіншегім екінші сәбиімізге жүкті болды. Жастық қой, бұл сәбиіміз де ұл болады деп сеніп, күттім.  Босанатын уақыты жеткенде перзентханаға апарып, орналастырып, кері қайттым. Бір-екі күннен кейін босанады деп ойлап, достарымызбен тойлауды бастап кеттік. Әне міне, дүниеге келетін сәбиді ұл деп, тостымызды сол ұлға арнап отырғанбыз. Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаның арғы бетіндегі дауыс әйелімнің босанғанын айтып, "өмірге қызыңыз келді" деп құттықтады. Біртүрлі боп қалдым... "Жігіттер, ұл емес, қыз екен" дегенімді әлі күнге дейін кешіре алмаймын. Қазір қызымды әр сүйген сайын сол күнгі әрекетім үшін іштей кешірім сұрай беремін" - дейді әнші. 

Айта кетейік, Медеу Арынбаевтың жұбайы марқұм Айгүл Арынбаевамен (Үмбетәлиева) 1996 жылы "АБК" тобының алғашқы концерттерінің бірінде танысқан. Екі айдан соң екеуі бас қосқан. Бір жылдан соң олардың тұңғышы Дәулет, тағы екі жылдан соң қызы Дайана дүниеге келген. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий