«Әлі күнге дейін сенбеймін»: Арман Дүйсеновтің ұлының сүйіктісі жұртты жылатты

17.11.2025 11:09 Мөлдір Талғат
«Әлі күнге дейін сенбеймін»: Арман Дүйсеновтің ұлының сүйіктісі жұртты жылатты
0
251
Фото: ашық дереккөз

Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының сүйіктісі Аруна Асхатқызы бір жыл бұрын жазған хатын желіге жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Хатында ол сүйген адамынан айырылғандағы жан күйзелісі мен сағынышын шынайы сезіммен сипаттайды.

Аруна өз жазбасында Абылайдың өміріндегі орнын ерекше атап өтіп, оның қазасына әлі күнге дейін сенбейтінін жеткізген.

«Сені жоғалту – өте ауыр. Сен мен үшін жай ғана жақын адам емес, жанымның бір бөлігі едің. Жүрегім сыздайды. Әлі күнге дейін қасымда жоқ екеніңе сенбеймін», – дейді ол.

Сондай-ақ Аруна олардың бірге түскен суреттерінің бүгінде ең қымбат естеліктерге айналғанын айтып, Абылайдың күлкісі мен жылы сөздері әлі күнге дейін жанын медет ететінін жазған.

«Сен өміріме қуаныш пен жарық сыйладың. Мен сені әрдайым есімде сақтаймын. Жүрегімде өшпес із қалдырдың», – деп бөлісті Аруна.

Хат соңында ол сүйіктісіне мәңгілік тыныштық тілеп, өміріндегі орнын ешнәрсе алмастыра алмайтынын атап өтеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий