Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты

03.11.2025 17:09 Әсел Мұрат
Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты
0
681

«Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша айыпталған Алика Мұхамадиева 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның асырауында екі жасар баласы болғандықтан, үкімнің орындалуы кейінге қалдырылды.

Бүгін айыпталушы соңғы сөзінде сөйлеп, кінәсін мойындағанын және кішкентай баласы бар екенін ескеруді сұраған еді.

«Мен тағы да ренжіткен барлық адамдардан кешірім сұрағым келеді. Өте қатты ұялып тұрмын. Не айтарымды да білмеймін. Қатты өкінемін. Соттан үкім шығарғанда менің кінәмді толық мойындағанымды, шын өкінетінімді және кішкентай қызым бар екенін ескеруді сұраймын. Адам қолда барынан айырылған кезде ғана бағалай бастайды. Мақсатқа, жетістікке ұмтылып жүріп, өмір сүруге үлгермей қаласың, қызымды ата-анама тастап кететінмін. Қазір мен бәрін беруге дайынмын, тек қасында болсам екен», – деді айыпталушы.

Айта кетейік, 17 қазанда Қарағандыда қоғам назарын аударған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот отырысы өтті. Сотта прокурор Мұхамадиеваны 4,5 жылға соттауды сұрады. 

Еске салайық, жаз айларында Мұхамадиеваның Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары қоғамда үлкен дау тудырған еді. Пайдаланушылардың шағымынан кейін полиция тексеріс бастап, 2025 жылдың шілдесінде Мұхамадиева қамауға алынған.


 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий