Алматы әуежайына кіреберіс жол уақытша жабылды

23.10.2025 • 17:40 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Алматы әуежайына кіреберіс жол уақытша жабылды
490
фото: Алматы халықаралық әуежайы

Алматы халықаралық әуежайына кіреберістегі жол уақытша жабылды, деп жазады POLITICO.KZ.

Алматы халықаралық әуежайына Ахметов көшесі арқылы кіріп-шығу жолы уақытша жабылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, 23 қазаннан бастап «Ақсұнқар» қонақ үйі маңындағы пандусқа апаратын жолда дренаж жүйесін жөндеу және жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні, сағат 00:00-ге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін жол қозғалысы қалыпты режимде қайта ашылады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий