Тоқаев Ерлан Қаринді қабылдап бірқатар тапсырма берді

14.10.2026 • 18:25 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Ерлан Қаринді қабылдап бірқатар тапсырма берді
219
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдап, ішкі саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Кездесу барысында Ерлан Қарин Президент тапсырмаларының орындалуы мен мемлекет басшысының бастамаларын ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясы мен Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Вице-Президент конституциялық құндылықтарды түсіндіру, «Таза Қазақстан» жобасын іске асыру, қоғамда жаңа этика қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған шаралар жөнінде ақпарат берді.

Бұдан бөлек, этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуы керектігін атап өтті. Мемлекет басшысы осы бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.

Президенттің айтуынша, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік және азаматтардың ортақ мақсат жолында жұмылуы елдің қарқынды дамуына негіз болады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий