Алматы әуежайында ұшақ пен жанармай құятын көлік соқтығысты

Алматы әуежайында ұшақ пен жанармай құятын көлік соқтығысты
15.10.2025 09:03
0
58

Алматы халықаралық әуежайында Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағы жанармай құятын көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 қазан күні түнде шамамен 01:25-те болған. Алматыдан Астанаға ұшуы тиіс ұшаққа жанармай құйылған. 
Жанармай құятын көлік тұрақтан шығу кезінде ұшақтың қозғалтқышын жанап өткен. 

Арнайы инженерлік қызмет әуе кемесін дереу тексеріп шықты. Тексеру кезінде қозғалтқыш капотында аздаған сызаттар бары анықталған. Қажетті техникалық шаралар жүргізілгеннен кейін әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілген.

Қазіргі уақытта әуежайдың ұшу қауіпсіздігі департаменті бұл оқиға бойынша жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Біз жолаушылар мен экипаждан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Әуежайдағы қауіпсіздік — біздің басты басымдықтарымыздың бірі», – делінген әуежай хабарламасында.


 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий