Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы ұсталды

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы ұсталды
Фото: gov.kz

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Антикордың мәліметінше, Айбол Құлбаев азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін кәсіпкерден 8 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. Нәтижесінде 24 сәуір күні күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған колледж-интернатымен байланысты қылмыстық тергеуді бастаған болатын. Мекеменің бұрынғы директоры Айбол Құлбаев қорғауға құқығы бар куәгер мәртебесінде болған. Алайда Антикор енді бұрынғы спорт шенеунігінің ұсталғанын ресми түрде растады. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу