Алматы облысында 21 жастағы бойжеткеннің мәйіті өз үйінің жертөлесінен табылды

Алматы облысында 21 жастағы бойжеткеннің мәйіті өз үйінің жертөлесінен табылды
18.10.2025 08:51
0
577
Ашық дереккөз

Алматы облысының Қаскелең қаласында туған-туыстары өз үйінің жертөлесінен 21 жастағы бойжеткеннің мәйітін тапты. Қайғылы жағдай бойынша оның сүйіктісі күдікке ілінді. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Марқұмның жақындары бойжеткенді жер қойнына тапсырғанымен, болған жағдайға әлі де сене алар емес. Көршілердің айтуынша, сол түні шамамен таңғы төрттер шамасында үйге бір көлік тоқтаған. Ер адам қызды қолына көтеріп, аулаға кіргізген соң көп ұзамай кетіп қалған.

«Кейін полиция келді, он шақты көлік тұрды», — дейді көршілердің бірі.

Оқиға түн ортасында Қаскелеңде болған. Куәгерлердің айтуынша, қыз сол түні сүйіктісімен кездесуден қайтып келе жатқан. Екеуі бойжеткеннің үйіне жеткеннен кейін арасында жанжал туындаған болуы мүмкін деген болжам бар. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт қызды аулаға алып кіріп, кейін оқиға орнынан із суытқан. Таңертең бойжеткеннің денесін туыстары жертөледен тапқан. Алдын ала сараптама нәтижесі бойынша, қыздың тұншықтырылғаны анықталды.

Марқұм туралы мәлімет аз. Ол жуырда ғана университетті тәмамдап, жергілікті газетте жұмыс істей бастаған. Күдіктімен бес жылдан астам уақыттан бері таныс болған және екеуі үйленуге дайындалып жүрген.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 20 жаста. Ол өз кінәсін мойындаған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 20 жастағы азамат ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол жасаған қылмысын мойындады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий