Алматы облысында белгісіз зат жарылды: үш адам мерт болды
Алматы облысының Іле ауданындағы темір қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз заттың жарылуы салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды КазТАГ.
Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға орын алған жерден үшеуінің мәйіттері өмір белгілері жоқ күйінде табылған.

Оқиға орнына дереу полиция, өрт сөндірушілер және жедел медициналық жәрдем бригадасынан құралған шұғыл қызметтер жеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық процессуалдық шаралар заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...