Алматы облысында білім беру ұйымы басшылары 134 млн теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырған
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Іле ауданының 7 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ведомствоның мәліметінше, олар 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жалған орындалған жұмыстар актілерін беру арқылы жалпы сомасы 134 млн теңгеден аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
Сондай-ақ, жеке өндіріспен «ҚР ДСМ СЭБК Алматы облысының СЭБД Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ 4 лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.«Сотқа дейінгі тергеумен аталған мектепке дейінгі ұйымдардың іс жүзінде тек құжаттар бойынша бар екені анықталды. Қылмыстық іс материалдары облыстық прокуратурамен сотқа жолданды», - делінеді хабарламада.
«Жоғарыда аталған мекеменің мамандары іс жүзінде жұмыс істемейтін балабақшалардың басшыларына мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға негіз болған жалған қорытындылар берді. Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа тартылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...