Алматы облысында қыз шығарып салуға барған жігіт пышақталып мерт болды

28.04.2026 10:39 Арман Ермеков
Алматы облысында қыз шығарып салуға барған жігіт пышақталып мерт болды
340
Коллаж Politico.kz

Алматы облысында қыз шығарып салуға кетіп, артынша пышақтап өлтірілген 17 жастағы Жангелді Мұраттың өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Politico.kz порталы Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұмның анасы Жанар Талқанбаеваның айтуынша қайғылы жағдай 1 қаңтар күні болған. Сол күні Жангелді бір қыздың өтінішімен оны үйіне шығарып салуға барған кезде жолда 3 жігіт алдарынан шығып, қызды "қарындасымыз" деп таныстырып жанжал шығарған. Олардың шын мәнінде туыс емес екенін айтқан марқұмның жақындары оқиғаның сол жігіттердің үйінің жанында жалғасқанын жеткізді. Жанжал кезінде бір бала өзінің үлкен ағасын көмекке шақырған.

«Балам оларға қыздың өтінішімен келгенін және ешқандай жаман ойы жоқ екенін түсіндірмек болған. Бір кезде төбелесті ажыратуға күдіктінің анасы араласып, Жангелді оны байқаусызда қолымен қағып кеткен. Осыдан кейін 9-сынып оқушысы балама бірнеше рет пышақ салды, жарақаттары өте терең болды», – деді марқұмның анасы.

Қансырап жатқан жасөспірімді жанжал шығарғандардың өздері ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Марқұмның жақындары бұл оқиғаны кездейсоқ төбелес емес, топтық шабуыл деп есептейді. Олардың сөзінше Жангелдіге кем дегенде 4 адам жабылған. Алайда қазіргі кезде сот алдында тек 1 ғана кәмелетке толмаған бала жауап беріп жатыр, ал қалған қатысушылар әлі күнге дейін жауапкершілікке тартылмаған.

Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдар жазадан құтылып кетеді деп қауіптенген марқұмның туыстары істің әділ әрі толық тергелуін талап етіп отыр.

Алматы облысының соты күдіктінің кәмелетке толмағанына байланысты басты сот отырысы жабық режимде өтіп жатқанын мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий