«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов шаңырақ көтерді
Қазақстандық танымал «Жігіттер» квартетінің әншісі Мырзахан Маханов шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той жасап жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Қуанышты жаңалықты топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов сүйіншіледі. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан бейнежазба жариялап, «Бүгін жігіттерде той» деген қысқаша жазба қалдырған. Кадрлардан Мырзахан Маханов пен қалыңдығының бақытты сәттерін көруге болады.
Өнер иесінің қуанышы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Оқырмандардың бір бөлігі жас жұбайларға ақ тілегін арнап, қалыңдықтың көркіне тамсанса, енді бірі әншінің бойдақ екенін білмей қалғандарын айтып әзіл-шыны аралас пікірлерін жаудырып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...
27.10.2026
17:21
Тоқаев ертең халыққа жолдау жасап, Түркияға ұшады
27.10.2026
17:15
«Күліп жүрші, саған жарасады»: Олжас Абай жары ...