Алматы облысында республикалық жол опырылып түсті

03.04.2026 13:33 Әсел Мұрат
Алматы облысында республикалық жол опырылып түсті
548
Фото: видеодан скрин

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» автожолы опырылып түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

«ҚазАвтоЖол»-дың мәліметінше, жолдың 20-шақырымында еріген қар суын өткізу кезінде қолданыстағы су ағатын құбыр зақымданып,  жол төсемі шайылып кеткен.

«Бұл учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған. Қазіргі уақытта бұл жол бөлігі орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мердігер ұйымның қарауында», - деп хабарлады компания.

Жол операторының мәліметінше, қазір бұл учаскеде қозғалыс уақытша шектелгенін хабарлады. Әзірге көліктер қиыршықтасты жол арқылы жүре алады. Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта шамамен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

«Жақын арада қиыршықтас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр. Су өткізу құбыры мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың өтуі толық аяқталғаннан кейін басталады», - дейді компаниядағылар.

Жол 1960–1970 жылдары салынған. Бұл учаскемен күніне 500 көлік жүреді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий