Алматы облысында жаппай төбелес болды: полиция оқ атты (ВИДЕО)

30.03.2026 10:23 Әсел Мұрат
Алматы облысында жаппай төбелес болды: полиция оқ атты (ВИДЕО)
271
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласында бір топ ер адам арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ескерту ретінде ауаға оқ атып, жеті адамды ұстады.  Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Видеодан атылған қарудың дыбысын естуге болады. 

Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов әлеуметтік желілерде тараған жарияланымға түсініктеме берді. Оның айтуынша, бейнежазбада көрсетілген заңсыз әрекеттер 2026 жылы 28 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы аумағында болған.

«Аталған факті бойынша екі қылмыстық іс тіркелді, бұл – бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету. Жеті адам күдікті деп танылды. Олардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді Рустам Абдрахманов.

Айтуынша, төбелеске қатысушыларға ескерту ретінде және қоғамдық тәртіптің бұзылуын болдырмау үшін оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ауаға оқ атқан.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Барлық қажетті тергеу әрекеттерін Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысы полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған», – деді Абдрахманов.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий