Алматы облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты
Фото: freepik.com

Алматы облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы–Бішкек автожолының 107-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Lexus маркалы автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаменттен.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу