Путин Украинаға жаппай соққы жасауды жалғастыруды тапсырды

Путин Украинаға жаппай соққы жасауды жалғастыруды тапсырды
Фото: РФ Президентінің баспасөз қызметі

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы әскери нысандарға соққы беруді жалғастыру жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәскеу қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары мен логистикалық орталықтарды нысанаға алуды көздеп отыр.

Ресей басшысы Біріккен әскерлер тобының қосалқы басқару пунктіне барған кезде әскери басшылықпен кездесті. Жиында ол әскерилерге алға қойылған міндеттерді орындауды әрі қарай жалғастыру қажеттігін айтты.

Путин Ресей әскері майдан шебінде ілгерілеп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол ресейлік әскери қызметшілерді Доброполье елді мекенін бақылауға алуымен құттықтады.

Ресей президентінің сөзінше, Донецк облысында Украина әскері бақылауындағы аумақтың көлемі әлі де 2,7 мың шаршы шақырымды құрайды. Бұл мәліметті Ресей тарапы жариялағанын ескерген жөн.

«Әскер топтарының қолбасшылары арнайы әскери операция жоспарына қатаң сәйкес міндеттерді орындауды жалғастыруы керек», – деді Владимир Путин.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу