Астанада бойжеткеннің бөксесінен ұстап соңынан қалмаған ер адам 10 тәулікке қамалды
Астанада бейтаныс әйелдің соңынан жұмыс орнына дейін аңдып барып, мазасын алған ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп таныды.
Сот шешімі 16 қазанда шығарылған. Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындаған. Жаза тағайындау кезінде оның мас күйде болғаны, әйелді ұзақ уақыт бойы аңдып, жеке басының қол сұғылмаушылығына нұқсан келтіргені ескерілді.
Оқиға 12 қазан күні таңертең болған. Ер адам қоғамдық көлік аялдамасында тұрған бейтаныс әйелді байқап, оның соңынан ерген. Жұмысқа бара жатқан әйелге қайта-қайта тиісіп, телефон нөмірін беруін талап еткен.
Жәбірленушінің айтуынша, ол полицияға шағымданған кезде қызметкер бастапқыда арызын қабылдаудан бас тартқан. Әйелдің сөзінше, полицей бейнежазбадан ешқандай заңбұзушылық көрмейтінін және ер адамның оған бұдан әрі зиян келтіретініне сенбейтінін айтқан.
Сондай-ақ әйел полицейдің қыздарды өлтіру ниеті болмаса, олардың соңынан еруге болады деген мазмұнда пікір білдіргенін мәлімдеген.
Соңғы жаңалықтар