Алматы жастары Тәуелсіздік күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырды

Алматы жастары Тәуелсіздік күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырды

Тәуелсіздіктің алтын бесігі саналатын Алматы шаһарында мерекелік көңіл-күй ерекше. Ұлық мереке қарсаңында қала жастары ауқымды патриоттық акция ұйымдастырып, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Басты ерекшелігі – Мемлекеттік Тумен өткен акция алғаш рет мұз айдынында ұйымдастырылды: қатысушылар алып көк Туды салтанатпен көтеріп алып өтті, бәрі бірге ҚР Әнұранын шырқады және өтіп бара жатқан жұртқа кішкентай жалаушалар таратты. Флешмоб Арбатта және Назарбаев даңғылындағы жаңа гүлзарда өтті.

Іс-шараны тамашалаған алматылықтар, болып жатқан жайтты фото мен видеоға түсірді, қатысушыларды қолдап, әсерлерімен бөлісті. Аталған іс-шара Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған кешенді іс-шаралар бағдарламасы аясындағы акциялардың бірі болып табылады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу