Алматыда 14 жастағы жасөспірім бір аптадан бері табылмай жатыр

05.01.2026 12:01 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Алматыда 14 жастағы жасөспірім бір аптадан бері табылмай жатыр
0
642
Фото: Әлеуметтік жел

Алматыда 30 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 14 жастағы жасөспірімге іздеу жарияланды. Осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз, деп хабарлайды Politico.kz.

Іздеу парақшасындағы мәліметке сәйкес, 2011 жылы туған Тигран Шибаев 30 желтоқсан күні Есенов көшесіндегі үйінен шығып, ЦУМ жаққа телефонын жөндету үшін кеткен. Содан бері жасөспіріммен байланыс үзілген.

Алматы қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың жоғалу дерегі бойынша іздестіру ісі қозғалғанын хабарлады. Полиция мәліметінше, іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылған, оған полиция бөлімшелерінің қызметкерлері мен ерікті ұйымдар тартылған.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұл жасөспірімнің бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп қалған жағдайлары болған.

Қазіргі уақытта оның жүрген жерін анықтауға және үйіне қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда.

Егер сізде жасөспірімнің орналасқан жеріне қатысты кез келген ақпарат болса, полицияға 102 нөмірі арқылы хабар беру сұралады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий