Алматыда 44 жастағы сержант көз жұмды

Алматыда 44 жастағы сержант көз жұмды
Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылды.  Ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады. Тергеу өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша басталған.
Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ІІМ.
Өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу