Алматыда алапат өрт болып, бір адам ажал құшты

Алматыда алапат өрт болып, бір адам ажал құшты
Фото: freepik.com

Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITIСО.KZ. 

Тұрғын үйде газ баллоны жарылып, қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Бірнеше баспана, шаруашылық құрылыстар отқа оранған.

Оқиға орнына 15 техника мен 50-ден астам қызметкер жұмылдырылып, өрт толық ауыздықталды. Үйдің ішінен бір адамның мәйіті табылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу