Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

Алматыда кісі өлтіру оқиғасы тіркелді, күдікті – марқұмның ұлы, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

30 қазан таңертең әлеуметтік желілерде Алмагүл шағын ауданындағы Дунаевский көшесіндегі үйде ұлы анасын өлтіргені туралы ақпарат тарады.  

Алматы полиция департаменті оқиғаны растады.

«Бостандық аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті – жәбірленушінің 41 жастағы ұлы, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Басқа да мән-жайлар тексерілуде», - деп хабарлады полиция.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу