Алматыда блогер Темірлан Еңсебектің соты басталды: қоғам "Ашық сот!" деп талап етуде

Алматыда блогер Темірлан Еңсебектің соты басталды: қоғам
09.04.2025 11:45
0
280
Коллаж POLITICO.KZ
Алматыда басталған Темірлан Еңсебек соты қоғамда үлкен резонанс тудырды

Алматыда блогер және Qaznews24 паблигінің иесі Темірлан Еңсебекке қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Темірлан Еңсебек ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген айыппен сотқа тартылуда. Процесс қоғам назарында өтіп жатыр — залға ондаған журналист кіргізілгенімен, орын саны шектеулі болғандықтан, көпшілік тыңдаушылар кіре алмады.

Сот ғимаратының фойесінде қалған азаматтар "Ашық сот!" және "Темірланға бостандық!" деп ұрандатуда. Олардың дауысы сот залына дейін жетіп тұр.

Бүгін, 9 сәуір күні, Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында сағат 11:00-де резонансты іс бойынша алғашқы сот отырысы басталды. Тыңдау офлайн режимде өтіп жатқанымен, журналистерді залға кіргізуге рұқсат берілмеді. Соттың баспасөз хатшысы тек "күтіңіздер" деп мәлімдеді, нақты уақыт пен себеп көрсетілген жоқ.

Айыпталушы Темірлан Еңсебек сот отырысына тікелей қатыса алмады — оны тергеу изоляторынан бейнебайланыс арқылы қосты. Бұған дейін де өткен отырыстарға ол осылай қосылған болатын.

Темірлан Еңсебектің адвокаты Жанара Балғабаева "Орда" порталына берген сұхбатында қорғауындағы азаматтың не үшін қамауда отырғанын әлі күнге түсінбейтінін айтты. Оның айтуынша, алдыңғы онлайн-отырыстар барысында Темірланға қысым көрсетілген, ал тергеу күмәнді жылдамдықпен жүргізілген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий