Алматыда ер адам 11-қабаттан секіріп кетті
Алматы қаласының Бостандық ауданында 37 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдай туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Марқұмды ең алғаш сол ауланың күзетшісі байқап, бірден жедел қызметтерді шақырған. Ол зардап ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Шақырту түскен бойда оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері жедел жетті.
Ер адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Медицина мамандарының барлық күш-жігеріне қарамастан, ол есін жимастан көз жұмды.
"Марқұмның жеке басы анықталды. Оның аталған тұрғын үй кешенінде тұрғаны белгілі болды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", – деп хабарлады полиция.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
16:34
Жамбылда есірткімен ұсталған ресейлік рэпер Nav...
09.11.2026
16:19
Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі дүниеден өтті
09.11.2026
16:15
"Билегені де жиіркенішті": Бесбаевтың тойына то...
09.11.2026
15:51
Түркістанда балалар ойын алаңында екі әйел төбе...
09.11.2026
15:19
Әйел мен төрт баласын бензин құйып өртеген ер а...
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...