Алматыда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
unsplash.com
Медеу ауданында мектеп оқушысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласында қайғылы жағдай орын алды: 2009 жылы туған мектеп оқушысы өз үйінің жанында өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Полицияның мәліметінше Медеу ауданының полиция басқармасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады.

«Аталған факті бойынша Медеу ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің мұндай қадамға бару себептері белгісіз. Тергеу шаралары барысында барлық жағдайлар мен оқиғаға ықпал еткен факторлар анықталады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу