Алматыда құны 2 млрд теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды

Алматыда құны 2 млрд теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды
Іле Алатауында заңсыз берілген 4,2 гектар жер мемлекетке өтті

Алматы қаласында прокуратураның араласуымен құны 2 миллиард теңгеден асатын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Прокуратураның мәліметінше, Іле Алатауының бөктерінде орналасқан, жалпы аумағы 4,2 гектар болатын жер учаскесі заңсыз түрде жекеменшікке берілгені анықталған. Аталған аумақ сауықтыру мақсатындағы жерлер санатына жатады және экологиялық желінің маңызды бөлігі болып табылады.

Осы заңбұзушылыққа байланысты Алматы қаласы Алатау аудандық прокуратурасы сотқа талап арыз түсірген. Нәтижесінде сот жерге қатысты жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Қабылданған шешім негізінде даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Құзырлы органдар мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу