Алматыда қылмыстық топтың жантүршігерлік істері әшкере болды

Алматыда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топқа қатысы бар жеке күзет мекемесінің заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тергеу барысында олар шағын және орта бизнесті толық бақылауға алу мақсатында ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне қысым көрсетіп, заңсыз әрекеттер жасағаны анықталған.
"Олар мекемелерді күшпен басып алып, сол жерлерде "қауіпсіздік" қызметін жүзеге асырған. Қылмыстық топ мүшелері Алматы қаласында, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында ұсталды. Қылмыстық топтың 20 мүшесі құрықталды. 40-тан аса тінту жүргізіліп, жеті атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде үш кесілген мылтық, Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден аса оқ-дәрі бар", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру деректері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар





