Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Бейнеден кадр
Жаяу жүргіншінің өмірі қиылған жол апаты Алматыда орын алды

13 қаңтарда Алматы қаласында қайғылы жол апаты орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Сағат 17:50 шамасында Бостандық ауданында, Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында, 11-ші маршруттағы троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, троллейбус Тимирязев көшесімен батыс бағытта келе жатқанда 2003 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Өкінішке қарай, зардап шеккен адам оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу