Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратқан

18.01.2026 11:12 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратқан
0
98
polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлері тұрғындардың жаппай демалыс орындарында психотроптық заттардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Politico.kz

Жедел іс-шаралар нәтижесінде қаланың ойын-сауық орындарының бірінде ас үй қызметкері есірткі заттарын таратты деген күдікпен жұмыс орнында ұсталды. Санкцияланған жеке тінту барысында күдіктіден ұнтақ тәрізді заттар мен өзіне тән иісі бар өсімдік тектес масса тәркіленді.

Аталған заттар психотроптық және есірткі құралдары болуы мүмкін деген болжаммен сараптамаға жолданды. Күдікті ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері оның тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тінту шараларын жүргізді.

Біз есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бағытында, әсіресе адамдар көп жиналатын демалыс орындарында қатаң әрі жүйелі шаралар қабылдап келеміз. Негізгі мақсат — есірткінің таралуына жол бермеу және мегаполис тұрғындарын, ең алдымен жастарды қорғау, — деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар арналар мен тұлғаларды анықтау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий