Тоқаев Кореяға ұшып барды

14.09.2026 08:15 Әсел МҰРАТ
Тоқаев Кореяға ұшып барды
363
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысын Сеул әуежайында премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.

15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі.

Войдите, чтобы оставить комментарий