Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел әлі табылмай жатыр
Қарасай ауданында 2025 жылдың маусым айында жоғалып кеткен әйел бір жылдан астам уақыт өтсе де табылмай жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Жайна Жеңісбайқызы Аманклышова, 1993 жылы туған. Ол 2025 жылғы 8 маусымда таңғы сағат 6:00 шамасында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы 30-шы квартал, Новостройка аумағындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері одан хабар жоқ.
Іздеу жұмыстарына еріктілер бірнеше рет шығып, түскен ақпараттың барлығын тексерген. Алайда әзірге әйелдің жүрген жері анықталмаған.
Жайна Аманклышованың бойы 175-178 сантиметр шамасында, дене бітімі арық. Шашы қара, ұзын әрі бұйра. Жоғалған кезде үстінде қара футболка мен ақ шалбар болған. Қолында киім-кешек салынған пакет пен ұялы телефоны болған.
Еріктілер әйелді көрген немесе оның қайда екенін білетін адамдардан ақпарат беруді сұрайды.
Ақпаратты +7-701-375-9291, +7-705-105-3131 нөмірлеріне WhatsApp арқылы хабарлауға, еріктілерге әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жазуға немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Соңғы жаңалықтар