Алматыда тұрғындар шұғыл эвакуацияланып жатыр

01.07.2026 14:33 Әсел МҰРАТ
Алматыда тұрғындар шұғыл эвакуацияланып жатыр
1163
Фото: Politico.kz/Максим Золотухин

Алматы қаласы Наурызбай ауданынының тұрғындары сел қаупіне байланысты эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

«Нөсер жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда сел жүру қаупі сақталады. ТЖМ, «Қазселденқорғау» және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жағдай тұрақты бақылауда, сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізілуде, құтқару бөлімшелері жедел әрекет етуге дайын. Халықты жедел хабардар ету мақсатында Наурызбай ауданында жергілікті құлақтандыру жүйесі іске қосылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақсай өзенінің бойындағы Наурызбай ауданынының тұрғындары мектептердегі қабылдау пункттеріне орналастырылуда.

Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штаб құрып, азаматтық қорғау қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

+7 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды.

Қазіргі уақытта жедел желіге төрт қоңырау түскен.

Войдите, чтобы оставить комментарий