Алматыда үш жігіт қызды күштеп көлікке отырғызбақ болды(ВИДЕО)

Алматыда үш жігіт қызды күштеп көлікке отырғызбақ болды(ВИДЕО)
17.09.2025 17:04
0
205
Сурет: Бейнеден кадр

Алматыда түнделетіп қызды күштеп көлікке отырғызбақ болған жігіттердің әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қыздың шыңғырып, көмек сұраған даусы анық естіледі.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыздың айқайын естіген көршілері шуға шығып, оны арашалап қалған. Осыдан кейін үш жігіт оқиға орнынан ізін суытқан.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталғанын хабарлады. Белгілі болғандай, жігіт пен қыз таныс болып шыққан, ал жәбірленушінің өзі арыз жазудан және талап қоюдан бас тартқан.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескерткен.

Айта кету керек, 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда адам ұрлауға қатысты заңнамалық нормалар күшейтілді. Енді адам ұрлағандар жәбірленушіні өз еркімен босатқан күннің өзінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.

@whitekitze Можете закидать меня камнями, но я считаю, что это ненормально!!! Мы живем в 21 веке!!! И так стресса хватает, а тут еще такое… девочки, берегите себя! Носите баллончики ☝🏽 #рекомендации #кошмар #похищение #трешистория #берегитесебя ♬ Creepy and simple horror background music(1070744) - howlingindicator
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий