Алматыда жарықтың жаппай өшуіне не себеп болғаны белгілі болды

14.08.2026 19:46 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда жарықтың жаппай өшуіне не себеп болғаны белгілі болды
305
Фото: Zakon.kz

14 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде электр энергиясының уақытша өшуіне алып келген ірі технологиялық ақау тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.

KEGOC мәліметінше, сағат 14:37-де Қырғызстандағы Тоқтоғұл ГЭС-інде екі гидрогенератордың ажыратылуы Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің шамадан тыс жүктелуіне себеп болған. Соның салдарынан Оңтүстік аймақ Қазақстанның БЭЖ-інен және Орталық Азияның біртұтас электр энергетикалық жүйесінен бөлініп қалған.

Оқиғаға байланысты Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуында үзіліс болған. Сондай-ақ Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында электр энергиясы уақытша өшірілді.

KEGOC мамандары электрмен жабдықтауды кезең-кезеңімен қалпына келтірді. Сағат 14:47-де Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарындағы тұтынушыларға электр энергиясы толық берілді.

16:26-да Алматы және Жетісу облыстарында, ал 16:34-те Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.

Технологиялық ақаудың нақты себептері арнайы комиссияның тергеуі барысында анықталатын болады.

Войдите, чтобы оставить комментарий